АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 25.07.2022

Арабтарға инвестиция құю үшін Қазақстан өте қолайлы ел. Отандық сарапшылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясына жасаған ресми сапары екі елге де бірдей тиімді болды дейді. Арабтар енді қазақ жеріндегі қазба байлықты барлап, зерттеуге қомақты инвестиция құяды. Ал еліміз астық өнімдері мен дәнді-дақылды тұрақты жеткізіп тұратын болды. Мемлекет басшысының сапары барысында тағы қандай келісімдерге қол қойды? Айя Мүтәлі тарқатады.

Ресейден бас сауғалаған 40-қа жуық ірі компания Қазақстанға көшуге ниетті. Сыртқы істер вице-министрінің мәлімдемесін ашық ақпарат көздерінен табуға болады. Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге салынған сансыз санкция салдарынан шетелдік ірі компаниялар өз бизнесін тоқтатып жатқаны белгілі. Осы орайда автокөлік, технология сынды бірнеше саланың салмақты алпауыттары елімізге келе ме? Зауыттарын Қазақстаннан салуы мүмкін бе? Әріптесіміз Айғаным Достанбай сарапшылармен тілдесті.

Интернеттегі алаяқтар енді шенеуніктердің жеке парақшаларына көз салған. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин белгісіз біреулер телеграм парақшасын бұзып, таныстарынан ақша сұрағанын айтты. Құрықсыз кеткен интернет баукеспелерге неге тосқауыл болмай тұр? Әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай анықтап көрді.

Дүйсенбі, 25 Шілде 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар