АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 26.07.2022

Экономистер елде ет пен өсімдік майы да тапшы болуы мүмкін деп дабыл қағуда. Қант бағасын реттеуге қауқары жетпеген жауапты органдар нендей шешім шығармақ? Ал жауапты министрліктер не дейді? Президент берген сөгіс сабақ болды ма? Тілшіміз Жансұлу Жиенқұл тарқатсын.

Министрлер кабинеті соңғы 3 жылда бір жасқа жасарған. 2019 жылы Үкімет мүшелерінің орташа жасы 46 болса, қазір 45. Ал елдегі әкімдердің орташа жасы 52. Ең жас әкім қай аймақты басқарып отыр? Әріптесіміз баяндайды.

«Жол жөнделмесін!» Нұр-Сұлтан қаласына қарасты Үркер ықшам ауданының тұрғындары бүгін осындай талаппен жөнделіп жатқан жолды жауып тастады. Халық қала іргесіндегі елді мекенге апарар жолды жеңіл-желпі емес, толық бұзып, қайта салсын деп талап қойды. Жұрттың бұл уәжіне әкімдік не деді? Әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай тараптарды тыңдап қайтты.

Вторник, 26 июля 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар