Қытайдың Ухань қаласында тағы да локдаун жарияланды

Коронавирус алғаш тараған Қытайдың Ухань қаласының орталық ауданы тағы локдаунға жабылды. Инфекция 4 тұрғыннан табылған соң осындай шара қабылданған. Миллионға жуық халық жаппай тестілеуден өтіп жатыр. Індеттің алдын алу мақсатында 3 күндік оқшаулау режимі қаланың тағы бірнеше ауданында енгізілген. Автобус, метро мен кейбір кәсіпорындардың қызметі тоқтатылған. Қала билігі тұрғындарға алыс-жақын сапардан бас тартып, үйде қалуға кеңес берген.

Сәрсенбі, 27 Шілде 2022, 19:35

Соңғы шығарылымдар