«Кернеуі жоғары тоқ кесірінен онкологиялық дерттен көз ашпадық» деген елордалықтардың мәселесі туралы арнамызда айтылғаннан кейін сең қозғалғандай болды. Бүгін қауіпті аймақта тұрып жатқан тұрғындардың жай-күйімен министрліктің бір топ өкілі мен мәжіліс депутаты танысып қайтты. Ақ жағалылар тұтас бір көшені көшіре ме? Мәселе қалай шешіледі? Айя Мүтәлі тарқатады.
Саны бар, бірақ сапасы сын көтермейтін мемлекеттік бағдарламалар көп бізде. Естеріңізде болса, ауылдағы ағайынның жағдайын жасауға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы кезінде іске қосылған еді. 2019-2021 жылдар аралығында бұл жобаға 206 млрд теңге жұмсалыпты. Бәріне топырақ шашудан аулақпыз, бірақ еліміздегі елді мекендердің дені әлі күнге проблемадан көз ашпай отыр. Осындайда әлгі миллиардтар еске түседі. Айғаным Достанбаеваның материалында.
Ақтөбеліктер зауыт қалдығынан зардап шегіп отыр. «Бауырластар-3» алабының тұрғындары үй іргесі өндіріс қалдықтарын сақтайтын алаңға айналатын болды дейді. «Экологиялық апаттың аз-ақ алдында тұрмыз» деп дабыл қаққан тұрғындар ылғалды қоқыс топыраққа сіңіп жатқанын айтады. Салдарынан жер астынан таза ауыз су емес, ағзаны улайтын сұйықтық шығатын болды деп ашуланған елді Данияр Әлімқұл тыңдады.
Среда, 27 июля 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.