АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 28.07.2022

80 мың киікті бір сәтте қырып тастамақ болған Экология министрі Президент сөгіс жариялағаннан соң сабасына түсіп, шешімді өзгертті. Бірақ нақты қандай шешім қабылданғаны әлі күнге белгісіз. Қоғамда дау тудырған ақбөкен мәселесі не болды? Тақырыпты тілшіміз Жансұлу Жиенқұл жалғастырады.

Еліміздегі ауыл шаруашылық техникаларының 80 пайызының тозығы жеткен. Аграрлы мемлекетпіз деп кеуде соққанда кереметпіз, бірақ дихандар бұзылған трактор, комбайнды жөндеуден көз ашар емес. Техниканың түгелге жуығы кеңес дәуірінен қалған. Осы орайда фермерлер Президенттен көмек сұрауға мәжбүр. Тілшіміз Айғаным Достанбай толығырақ тарқатады.

Ұлытау облысында соңғы 8 айдан бері ветеринария зертханасы жоқ. Соның салдарынан облыста малға дер кезінде диагноз қойылмай, ем-дом уақытылы көрсетілмегендіктен, жағдай ушығып отыр. Ең сорақысы, сібір жарасы сияқты қауіпті аурулардың сынамасы сақталған нысан бүгінде түнгі клубқа айналған. Әріптесіміз Азамат Серікхан шикілігі көп мәселенің мән-жайын зерттеп көрді.

Четверг, 28 июля 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар