ЖОО түлектері енді диплом жұмысын қорғамайды

Енді түлектерге диплом жұмысын жазбауына болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Күшіне енген бұйрыққа сәйкес, білім ордаларына жеке оқу жоспарларының құрылымын өздеріне ыңғайлы етіп бекітуге мүмкіндік берілмек. Осы ретте оқуын аяқтайтын түлектер диплом жұмысының орнына жеке жобасын немесе төл туындысын ұсына алады. Алдымен, бұл тәртіпті оқу орнының басшылығы мақұлдауы тиіс. Министрдің айтуынша, бұл академиялық еркіндік деңгейін өсіреді.

Жұма, 29 Шілде 2022, 19:55

Соңғы шығарылымдар