АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 29.07.2022

Әскери бөлімде тағы да өлім. Бұл жолы өрімдей офицер миына қан құйылып қайтыс болған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Қайғылы оқиғаның жай-жапсары әзірге белгісіз. Белгілісі, жыл басталғалы армияда ажал құшқандардың саны күрт артты. Осы ретте психологтар мен сарапшылардың пайымы тілші материалында.

Ақпарат министрлігі енді сайттар мен әлеуметтік желілердің жұмысын шектей алады. Үкімет тиісті қаулыға қол қойды. Министрлік қандай ресурстарды бұғаттай алады? Бұл сөз бостандығын шектемей ме? Тілшіміз Жансұлу Жиенқұл анықтап көрді.

Шымкенттегі жанармай бекеттері дизель тапшылығынан жұмысын тоқтатып жатыр. Осылай деген кәсіпкерлер бүгін базынасын әкімдік өкілдеріне айтты. Сөздерінше, сұйық отынның жоқтығынан бизнесмендер ғана емес, шаруалар да шаш етектен шығынға батуда.

Жұма, 29 Шілде 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар