Қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасалады

Бүгінгі Жолдауында Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысқандарға бірреттік рақымшылық жасау туралы мәлімдеді. Мемлекет басшысы жаппай тәртіпсіздік кезінде аса ауыр қылмыс жасамағандарға жаза жеңілдетілетінін айтты.

Бұл рақымшылыққа тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысқан басты күдіктілер, сонымен қатар мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алу үшін айыпталғандар ілікпейді. Оларды, керісінше, қатаң жазалау қажет деп, өкілетті органдарға нақты шара қабылдауды тапсырды.

Бейсенбі, 01 Қыркүйек 2022, 19:36

Соңғы шығарылымдар