Бүгінгі Жолдауда айтылған жағымды жаңалықтың бірі – Ұлттық қордан кәмелетке толмаған балалардың шотына ақша бөлінетіні. Тоқаев бұл жоба екі жылдан кейін іске қосылатынын айтты.
Яғни, 2024 жылдан бастап Қазақстандағы әр балаға жинақ шоты ашылып, мемлекет Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысының тең жартысын сонда аударып отырады. Осылайша, кәмелет жасқа толғанша балалар өзінің жеке капиталын жинақтайды. Ал 18-ге толған соң бала жиналған ақшаны баспана немесе білім алуына жұмсай алады. Сонда 18 жылда әр балаға шамамен қанша қаражат жиналады?
Четверг, 01 сентября 2022, 19:35
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.