АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 01.09.2022

Елде биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты. Маңызды саяси науқанның өтуі жайында әріптесіміз Айя Мүтәлі толығырақ тарқатады.

Бүгінгі Жолдауында Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысқандарға бірреттік рақымшылық жасау туралы мәлімдеді. Мемлекет басшысы жаппай тәртіпсіздік кезінде аса ауыр қылмыс жасамағандарға жаза жеңілдетілетінін айтты.

Ең төменгі жалақы 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін өсетін болды. Бұл еліміздегі 2 миллионға жуық адамның табысы артады деген сөз. Сондай-ақ, жұмыссыз азаматтарға берілетін бірреттік қаржылай көмек 45 пайызға көбейеді. Сонымен қатар әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітілді.

Бейсенбі, 01 Қыркүйек 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар