Қаңтар оқиғасы бойынша қанша адам рақымшылыққа ілігеді?

Қаңтар оқиғасы бойынша қанша адам рақымшылыққа ілігеді? Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиевтің айтуынша, бүгінде жаппай тәртіпсіздік бойынша мыңнан астам іс тергеліп, 900 адам сотталған. Оның 100-ден астамы нақты мерзімге бас бостандығынан айырылса, қалғанына түрлі шектеу немесе шартты жаза кесілген. Бас прокуратура: «Президент тапсырмасы қолымызға енді жетті. Сондықтан қанша адамға кешірім жасалатынын есептеп үлгермедік»,- дейді. Тиісті заң жобасы дайын болғанда міндетті түрде халыққа ұсынамыз деп уәде берді. Сондай-ақ, экстремистік қылмыстарды ұйымдастырғандарға рақымшылық жасалмайтынын тағы бір мәрте баса айтты.

Пятница, 02 сентября 2022, 19:43

Соңғы шығарылымдар