Президенттікке Нұрсұлтан Назарбаев үміткер бола алмайды. Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова референдум арқылы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, тұңғыш президент енді саяси науқанға үміткер ретінде қатыса алмайтынын айтты. Күзде өтетін сайлау туралы соңғы мәліметтермен әріптесіміз Айя Мүтәлі бөліседі.
«Миллион, миллардтарға үй соғып жатсақ та, жалақыға жарымады». Бұл «еңбегіміз – адал, етіміз – арам ба?» деген елордалық құрылысшылардың шарасыз сөздері. Ал құқығын заңды түрде қорғайын десе, құрылыс компаниясы басшылары жұмысшылармен келісім-шарт жасаспайтын көрінеді. Енді олар әкімдік мәселемізді шешпесе, 300 адам бейбіт шеруге шығамыз деп бел байлап отыр. Жансұлу Жиенқұл жұмысшылармен кездесіп қайтты.
Қарағанды облысында 23 мектеп жаңа оқу жылына дайын болмай шықты. Білім ордаларында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары оқушыларға қауіп төндіруде. Бір мектепте спорт залының төбесі құласа, енді бірінің асханасы дайын емес. Сыртқы қасбеті аяқталмаған білім ошағы тағы бар. Өңірдегі тілшіміз Азамат Серікхан мектептерді аралап, жағдайды көріп қайтты.
Пятница, 02 сентября 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.