Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы: ұлт ұстазы туралы ғылыми-танымдық кітаптың тұсауы кесілді

Қостанайдағы алапат өрт салдарынан Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған шаралар белгісіз мерзімге шегерілді. Ағартушының мерейтойы әзірге туған жерінде тойланбайды. Дегенмен, бұл ұлт ұстазының мерейтойы атаусыз қалады деген сөз емес. Оның мұрасын дәріптейтін шаралар елорда төрінде ұйымдастырылып жатыр.

Еуразия ұлттық университетінде ғылыми-практикалық конференция өтіп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы ғылыми-танымдық кітаптың тұсаукесері болды. Салтанатты шараға Дархан Қыдырәлі, Саясат Нұрбек, Дәурен Абаев секілді бір топ министр мен қазақ ғылымының таңдаулы тұлғалары қатысты.

Дүйсенбі, 05 Қыркүйек 2022, 19:41

Соңғы шығарылымдар