Елімізде келер жылы ең төменгі жалақы мөлшері өседі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 60 мың теңгеден 70 мыңға көтерілетінін мәлімдеді. Осылайша, табысы аз 1 млн 800 мың адамның жалақысы өседі. Өзге қызметкерлердің де еңбекақысы қайта қаралады. Президент Қазақстан халқына Жолдауында елдегі ең төменгі жалақы мөлшерін анықтау әдісі ескірген деген болатын. Сондықтан министрлік қазір соңғы экономикалық көрсеткіштерді ескеретін жаңа механизм әзірлеуге кірісіпті.
Понедельник, 05 сентября 2022, 19:42
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.