АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 05.09.2022

Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендердің бәріне жаңадан баспана салынып, өтемақы төленеді. Өңірге барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындарға осындай уәде берді. «Аймақта қыс ерте түседі. Сондықтан да қазан айынан кешіктірмей үй салып береміз»,- деді облыс басшысы Архимед Мұхамбетов. Тілсіз жау жалмаған ауылдарда 100-ге жуық тұрғын үй күлге айналған. Аймақтағы ахуал қандай? Тілшіміз сабақтайды.

«Қостанай, біз біргеміз!». Еліміздің түкпір-түкпіріндегі қайырымды жандар осындай ұранмен асар бастады. Қасіретке душар болып, бір-ақ күнде үй-күйсіз, далада қалған мыңдаған адамға алғашқы көмек жіберілді. Көрпе-жастық, күнделікті қажетті заттар мен тонналаған азық-түлік өнімдері  тиелген жүк көліктері апат болған аумақта құрылған штабтарға жөнелтілді. Ел басына күн туғанда көлеңкеде қалмаған азаматтармен әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай тілдесті.

Әлемнің бірқатар елі де орман өртінен зардап шегіп отыр. Салдарынан адам аяғы баспаған ормандарға дейін біртіндеп жойылып барады. Антарктидан басқа құрлықтың бәрінде соңғы жылдары алқаптардың өртенуі жиіліген. Оған не себеп? Жансая Қапасқызы анықтап көрді.

Дүйсенбі, 05 Қыркүйек 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар