Асқар Мамин ғаламторда тараған Нығматуллин және Жақсыбековпен түскен фотоға қатысты пікір білдірді

Бұрынғы Премьер-министр Асқар Мамин ғаламторды шулатқан фотосуретке түсініктеме берді. Айта кетсек, экс-шенеуніктердің мейрамханадағы кездесуі желіде тараған болатын. Фотода бұрынғы Премьер-министр Асқар Мамин, Мәжіліс спикері болған Нұрлан Нығматулин мен Президент әкімшілігін басқарған Әділбек Жақсыбековті бірден тануға болады. Жұрт президент сайлауы қарсаңындағы үшеудің кездесуіне түрлі жорамал айтты. Алайда Мамин ақпарат құралдарына суреттің Нұр-Сұлтанда түсірілгенін растап, экс-саясаткерлермен «сырға салу» салтанатында бірге болдық деді.

Сейсенбі, 06 Қыркүйек 2022, 19:53

Соңғы шығарылымдар