Қытайда жер сілкінісінен 60-тан астам адам мерт болды

Қытайда 6,8 балдық жер сілкінісі болып, кемінде 65 адам мерт болды. Тағы 250 шақтысы жараланып, ондаған адам іздестіріліп жатыр. Табиғи апат 21 миллиондай тұрғыны бар Сычуань провинциясында болды. Салдарынан үйлер қирап, таулы аудандарда көшкін жүріп, жолдар жабылған. Электр желілерінің үзілуінен 10 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды.

Сейсенбі, 06 Қыркүйек 2022, 19:57

Соңғы шығарылымдар