АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 06.09.2022

Қостанайда өрттен зардап шеккендерге жаңа баспана салына бастады. Ол үшін Әулиекөл ауылынан 12 гектар жер телімі бөлінген. Ондағы әр 8 сотық жерге жалпы аумағы 100 шаршы метрге жететін үйлер салынбақ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс жұмыстарын екі айдың ішінде аяқтаймыз деп отыр. Жалпы өрттен 108 нысанның күлі көкке ұшып,  91 отбасы баспанасыз қалған болатын.

Еліміздегі сараптама орталықтарының бірі өңірлердің парақорлық рейтингін әзірлепті. Ондағы көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда көңіл көншітпейді. Қай өңірдегі әкімдік қызметкерлері жиі пара алып ұсталуда? Тілші материалынан көрейік.

Елімізде 3500-ден астам науқас донор кезегінде тұр. Өкініштісі сол, қазақстандықтар ағзасын өзгеге беруге дайын емес немесе қайтыс болған туысын пышаққа түсіруге рұқсат бермейді. Ал дәрігерлер мәйіт донор арқылы біраз адамның өмірін сақтап қалуға болады дейді. Толығырақ тілшіміз Жансұлу Жиенқұлдың бейнематериалында.

Сейсенбі, 06 Қыркүйек 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар