Қаңтар оқиғасында сотталғандардың рақымшылыққа ілігуі биыл жүзеге аспауы мүмкін. Себебі заңнамалық процедураларға біраз уақыт кетеді. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді. Айтуынша, қанды қаңтар оқиғасына қатысқаны үшін 900-дей адам сотталып, соның 100-ге жуығы қамауға алынған. Қазір олардың істері тергелуде. Ұсталғандардың көбі жеңілдетілген түрде жазаланған. Яғни, шартты түрде соттау немесе айыппұл салынды. Сотталғандардың 10 пайызы ғана бас бостандығынан айырылған. Олар аса ауыр қылмыс жасағандар дейді прокурор.
Среда, 07 сентября 2022, 19:40
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.