Ақтөбеде автобус кондукторы егде жастағы жолаушыны сабаған

Ақтөбеде 100 теңге үшін кондуктор мен зейнеткер жаға жыртысты. Кейуананың айтуынша, кондуктор оны сабап, киімін жыртып тастаған. Тіпті, жұлқылап жүріп автобусқа қайта салып алып, келесі аялдамада бір-ақ түсірген. Денесі көк ала қойдай болған қала тұрғыны бұндай қорлыққа шыдамай, полицияға хабарласқан. Ауыр жарақаттар алғанын растау үшін емханаға да жүгінген екен.

07 Қыркүйек, 19:45

Барлық шығарылымдар