АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 07.09.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауына «Amanat» партиясының атынан қатысуы мүмкін. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бүгін мемлекет басшысына осындай ұсыныс білдіргенін айтты. Алдағы саяси науқанның өту барысы жайында әріптесіміз Айя Мүтәлі айтады.

Азық-түлік бағасын ауыздықтай алмаған министр де, әкім де қызметінен кетуі мүмкін. Күн сайын өсіп жатқан бағаны реттеуді Үкімет енді қолға алған секілді. Әлихан Смайылов қыркүйектің соңына дейін қол астындағыларға тағы бір мүмкіндік берді. Үкімет басшысының сөгісіне іліккен кімдер? Олар азық-түлік бағасын реттеуге қауқарлы ма? Жансұлу Жиенқұлдың материалында.

Қазақстанның 5 облысында дала өрті басылмай тұр. Шығыс Қазақстан облысының 3 бірдей ауданында құтқарушылар кешеден бері тілсіз жаумен арпалысып жатыр. Бір мезетте бернеше облыста тұтанған отты біреулер қасақана қоюы мүмкін бе? Өрттің күрт көбеюіне не себеп ? Әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай анықтады.

Сәрсенбі, 07 Қыркүйек 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар