Абай облысында өрт сөндіруші қаза тапты. Айдос Тоғызбаев қызметтік борышын орындау барысында қатты күйік алып, жарақатынан көз жұмды. Оның артында әйелі мен 5 баласы қалды.
Тілсіз жау адам өмірімен бірге Абай облысындағы 5 мың гектар жерді шарпып үлгерді. Дала өрттері Үржар, Абай, Жарма, Бесқарағай, Ақсуат аудандарында тіркелді. Төтенше жағдайлар қызметкерлері жалынды ауыздықтауға таулы жер мен қатты жел қиындық тудырып отыр дейді. Бұдан бөлек, Аягөз ауданындағы Баршатас, Байқошқар ауылының маңындағы жайылым жерлер мен шабылған шөп жанып жатыр. Қысқа дайындаған мал азығы түгелдей жанып кеткен ауылдар да бар.
Четверг, 08 сентября 2022, 19:40
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.