Мектепке бару мұң болды. Түркістан облысы Қостөбе ауылында оқушылар бір аптадан бері мектепке бара алмай отыр. Ауылда 10 жыл бұрын ғана салынған білім ордасы биыл жарамсыз деп танылыпты. Далада қалған шәкірттер көрші ауылда оқуға тиіс. Алайда оларды таситын автобус жоқ болғандықтан балалар үйде отыруға мәжбүр. Ал ауылдағы интернет әлсіз.
Четверг, 08 сентября 2022, 19:44
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.