Ресей Батыс елдеріне газ бен мұнай, көмір тасымалдауын толықтай тоқтатуы мүмкін

Ресей Еуропаға газ сатуын доғарамыз деп сес көрсетті. Оған Брюссельдің ресейлік көгілдір отынға шектік баға енгізу туралы ұсынысы себеп. Осылайша, батыс елдері Мәскеуді соғысты қаржыландыру көзінен ажыратуды мақсат етіп отыр. Бұған ашуланған Ресей басшысы Еуропаға газ ғана емес, мұнай, көмір, мазут та тасымалданбайтынын ескертті.

АҚШ пен Франция билігі болса Мәскеуді энергия түрлерін «қару» ретінде қолданып, «бопсалауға» көшті дейді. Қарт құрлық 40 пайыз Ресей газына, 30 пайыз мұнайына тәуелді. Сондықтан алдағы уақытта импорт тоқтаса, энергетикалық дағдарыс болуы әбден мүмкін. Қазір Еуропалық Одақ бұған жол бермеудің амалын қарастырып жатыр.

Бейсенбі, 08 Қыркүйек 2022, 19:42

Соңғы шығарылымдар