Балқашта тұрғындар кәсіпорын директорының немқұрайлығы кесірінен жылуға 113 млн теңге артық төлеген

Балқаш қаласын жылумен жабдықтайтын кәсіпорын басшысының инвестициялық жобаны орындамауы салдарынан халық қарызға белшесінен батты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мекеме директорына қатысты «ісіне немқұрайлы қарау» фактісі бойынша іс қозғады.

Жедел уәкілдердің сөзінше «Балқаш жылу» компаниясының өкілдері табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітіп берген инвестициялық жобаларды орындамаған. Жылумен жабдықтауға және сорғы станциясын жаңғыртуға  қазынадан 116 миллион теңгеден астам қаржы салынған. Алайда кезектен тыс тексеру барысында бұл жұмыстың 98 % орындалмапты. Салдарынан қала тұрғындары жылу үшін 113 миллион теңге артық ақша төлеген.

Бейсенбі, 08 Қыркүйек 2022, 19:45

Соңғы шығарылымдар