АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 08.09.2022

Нұр-Сұлтанның атауы қайтадан Астана болып өзгере ме? Қазір ел ішінде Президент сайлауынан гөрі осы мәселе көбірек талқыланып жатыр. Тіпті, бұл тақырыпқа Түркияда жатқан экс-депутат Бекболат Тілеухановтың өзі үн қатты. Бүгін Сенат қабырғасында жоғары палата төрағасы Мәулен Әшімбаев та пікірін білдірді. Әріптесіміз Айғаным Достанбай толығырақ тарқатады.

Кезектен тыс Президент сайлауын өткізу үшін шамамен 20 млрд теңге қажет. Қомақты қаржыны үкімет бюджет резервінен аламыз деп отыр. Ал елдегі қымбатшылықты ауыздықтау үшін тағы Ұлттық қорға қол салмақ. Дағдарыспен күреске қазынаның шамасы жете ме? Айя Мүтәлі тарқатады.

Мектепке бару мұң болды. Түркістан облысы Қостөбе ауылында оқушылар бір аптадан бері мектепке бара алмай отыр. Ауылда 10 жыл бұрын ғана салынған білім ордасы биыл жарамсыз деп танылыпты. Далада қалған шәкірттер көрші ауылда оқуға тиіс. Алайда оларды таситын автобус жоқ болғандықтан балалар үйде отыруға мәжбүр. Ал ауылдағы интернет әлсіз.

Бейсенбі, 08 Қыркүйек 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар