АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 09.09.2022

Қарағанды облысында мұғалімдер жетіспей жатыр. Оқу жылы басталып кеткенімен, өңірде 200 маманның орны бос тұр. Мұны Облыстық білім басқармасы басшысының өзі ашық айтты.  Әсіресе,  физика, математика, химия және орыс тілі пәндерінің ұстаздары тапшы. Мұғалім жетіспегендіктен кейбір мектеп басшылары зейнеткерлермен келісім-шартты созуға мәжбүр.

Әлем Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің патшайымы Елизавета ІІ-шімен қоштасып жатыр. Британияны ең ұзақ басқарған монарх 96 жасында көз жұмды. Халық патшайыммен бірге бір дәуір аяқталды деп, корольдік отбасына көңіл айтуда. Елизавета ІІ тарихта несімен есте қалды? Жансая Қапасқызының материалында.

Шымкентте «Ломбард 24-ке» ақша құйған тұрғындар сот алдында шу шығарды. Сөздерінше, қаралып жатқан істе бұрмалаушылық көп. Қанша дәлел келтірсек те, шындыққа жете алмадық деген жұрт: прокурор мен тергеушілерге күмәніміз бар,- дейді. Оқиғаның ақ-қарасын әріптесіміз Назерке Үкібасова анықтап көрді.

Жұма, 09 Қыркүйек 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар