Еліміздің бірнеше өңірінде өршіген өрт, жанға да, малға да айтарлықтай залал тигізді. Ең ірісі Қостанай облысында болғаны белгілі. Аймақ басшылығы тілсіз жаудан қанша төрт-түлік мал өлгенін хабарлады. Аманқарағай, Озерное және Лесное ауылдарында өрт салдарынан 30 бас ірі-қара, 2 бас ұсақ мал, 105 бас шошқа, 130 үй құсы өртеніп кеткен. Облыстық ветеринария басқармасы тек үй жануарының шығынын айта алады. Қырылған жабайы аң-құсты есептеу аса қиын. Экологтардың айтуынша, өңірдің экожүйесін қалпына келтіруге 70 жылдан 150 жылға дейін уақыт кетеді.
Понедельник, 12 сентября 2022, 19:35
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.