Қазақстанда 300-ден астам педофил бостандықта жүр

Елімізде 300-ден астам педофил бостандықта жүр. Балалар мен жасөспірімдерге зорлық көрсеткендер қазір тек электронды білезіктің көмегімен көшеге шыға алады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, пробация қызметінінің, яғни құқық құрғаушылардың  жіті назарында жүрген 28 мыңнан астам қылмыскер бар. Соның 2500-не электронды білезік тағылған. Соңғы 7 айда бұл құрылғыны рұқсатсыз шешіп тастамақ болған 90 сотталушы анықталыпты. Заң бұзғандары дәлелденсе, олар өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Қазір 6 адам жазасын темір тордың арғы жағында өтеуде.

Дүйсенбі, 12 Қыркүйек 2022, 19:35

Соңғы шығарылымдар