АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 12.09.2022

Рим папасы бастаған әлемдік дін өкілдері Нұр-Сұлтанда бас қосады. 50-ден астам мемлекеттен келетін меймандар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайды. Қазір елорда көшелерінде қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

Төнген қауіпке қарамастан, күн-түн демей қызыл жалынмен арпалысқан өрт сөндірушінің жалақысы қанша?  115 мың теңге. Өкініштісі, төтенше жағдайлар қызметкерлері осы айлыққа өмір сүруге мәжбүр. Өрт сөндірушілердің еңбекақысы қашан көтеріледі? Қостанайдағы өрттен кейін қадірі артқандай болған бұл саланың мамандарына қамқорлық жасала ма? Жансұлу Жиенқұл өздерімен тілдесіп қайтты.

Ресей әскері кері шегіне бастады. Украина күштері Харьков облысында қарымта шабуылды жалғастырып, елді мекендерді бірінен соң бірін қайтарып жатыр. Алайда Ресей армиясы қалаларды атқылауын тоқтатпай, миллиондаған адамды сусыз, жылусыз қалдырды. Соғыс аяқталуы мүмкін бе? Жансая Қапасқызы толығырақ тарқатады.

Понедельник, 12 сентября 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар