Түркістан облысында мектеп оқушысы зорланды. Сұмдық оқиға Сарыағаш ауданында тіркелген. Белгілі болғандай, аймақ тұрғыны ұлын көрші ауылдың баласы азғындады деп арыз түсірген. Күдікті жас жігіт қамауға алынған. Зорланған баланың нақты жасы, нешінші сынып оқушысы екені айтылмай отыр. Ал облыстағы Білім басқармасы оқушының жағдайы тұрақты, бала қазір өз ауылында деп мәлімдеме таратты. Полиция департаменті «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді. Мектеп жасындағы баланың денсаулығына келген залалды білу үшін сот сараптамасы тағайындалған.
Вторник, 13 сентября 2022, 20:02
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.