АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 13.09.2022

Бір сағат бұрын Назарбаев әуежайына Рим папасы мінген ұшақ аман есен қонды. Әлемге беделді құрметті қонақты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі күтіп алды. Ол 14-15 қыркүйек күндері өтетін VII Әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне қатысады. Жалпы съезде не талқыланады, неге басымдық беріледі? Бүл туралы әріптесіміз Айя Мүтәлі айтып береді.

Дін лидерлерінен бөлек Қазақстан тағы бір мәртебелі мейманды күтіп алуға дайындалуда. Ертең ҚХР басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сарапшылар пандемия басталғалы өз елінен шықпаған Си Цзиньпиннің бірден Орталық Азияға келуінде үлкен мән жатыр дейді. Әріптесіміз Айғаным Достанбай сабақтайды.

Қазақстанда жанар-жағармай тапшылығы жоқ. Ел экономикасы 8 айда 3 пайызға өсті. Бүгін Үкімет отырысында есеп берген министрлер осылай жарыса сүйінші сұрасты. Алайда министрлердің керемет есебіне қарамастан, елімізде инфляция көрсеткіші 16 пайызға жеткен. Нарықта бағасы қымбаттамаған ештеңе қалмады. Баға тұрақты болу үшін Үкімет үйі енді не істемек? Жиынға барған әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай баяндасын.

Сейсенбі, 13 Қыркүйек 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар