Нұр-Сұлтанның атауы бейсенбі күні қайтадан «Астана» деп өзгертілуі мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Зәкіржан Күзиев мәлімдеді. Айтуынша, ертеңгі мәслихат жиынында нақты шешім шығарылады. Осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы елорданы Астана қаласы деп қайта атау туралы мәселені көтерген еді. Кеше Президент те бұл ұсынысты қолдап, Конституциялық заңға ұсыныс енгізілді.
Среда, 14 сентября 2022, 20:00
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.