Қарағандылық тұрғындар үй ауласына жекеменшік емхана салынуына қарсы

Қарағандыда тұрғындар үй ауласына жекеменшік емхананың салынуына наразылық білдіріп, шу шығарды. Ашынған жұрт: «кәсіпкер үш бірдей тұрғын үйге ортақ аула мен ойын алаңын 4 қабатты ғимарат үшін пайдаланбақшы»,- дейді.  Онсыз да қабырғасы сөгілгелі тұрған ескі үй иелері құрылыс үйлерімізді апатты жағдайға әкеле ме деп алаңдайды.

Сәрсенбі, 14 Қыркүйек 2022, 20:01

Соңғы шығарылымдар