Қазақстан Әзербайжан мен Армения шекарасына бітімгерлерді әзірге жібермейді. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді. Оның айтуынша, екі елдің шекарасы айқындалмаған, сондықтан оның бұзылуы туралы айту қиын. Министр дәйекті ақпарат күтіп отырмыз деді. Ал екі ел арасында кеше басталған атыс бүгін қайта жалғасты. Баку мен Ереван артиллерия, мина атқыштар қолданып жатыр деп, бір-бірін айыптауда.
Среда, 14 сентября 2022, 20:02
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.