Шымкент мектептері санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін 22 миллион теңгеден астам айыппұл төледі

Шымкент мектептері 22 млн теңге айыппұл төледі. Қаладағы санитарлық-эпидемиология департаментінің мамандары білім ұяларын өткен жылы тексерген. Нәтижесінде мегаполистегі мектептерде жиһаздар мен қол жуғыштардың сапасы сын көтермейтінін анықталған. Тазалықтың да сақталмағанын айтқан мамандар 145 мектепке айыппұл салған. Ал бұл қыруар қаржыны мектеп жұмысшылары мен директорлары өз қалтасынан төлеген екен. Департамент қызметкерлерінің сөзінше, тексеру жуық арада тағы жүргізіледі.

Сәрсенбі, 14 Қыркүйек 2022, 20:03

Соңғы шығарылымдар