АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 14.09.2022

Нұр-Сұлтанда мыңдаған адамның қатысуымен Рим Папасы Францисктің діни құлшылық рәсімі, Қасиетті месса өтіп жатыр. Шараға Қазақстан, Орталық Азия және басқа да елдерден зиярат етушілер жиналған. Діни рәсім қалай өтіп жатыр? Әріптесіміз Айя Мүтәлі айтады.

Дінбасылардың съезінен шыға салысымен Қасым-Жомарт Тоқаев «Назарбаев әуежайында» Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР басшысы Си Цзиньпинді күтіп алды. Екі ел басшысының кездесуінде қандай мәселелер талқыланды? Әріптесіміз Айғаным Достанбай тарқатады.

Қарағандыда тұрғындар үй ауласына жекеменшік емхананың салынуына наразылық білдіріп, шу шығарды. Ашынған жұрт: «кәсіпкер үш бірдей тұрғын үйге ортақ аула мен ойын алаңын 4 қабатты ғимарат үшін пайдаланбақшы»,- дейді.  Онсыз да қабырғасы сөгілгелі тұрған ескі үй иелері құрылыс үйлерімізді апатты жағдайға әкеле ме деп алаңдайды.

Сәрсенбі, 14 Қыркүйек 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар