Шымкентте қыздарды жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген қылыстық топ ұсталды

Шымкентте жас қыздарды жөзекше болуға мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды. Олар апалы-сіңілі үш әйел. Бойжеткендерді алдап уысына түсірген күдіктілердің адам саудасымен нақты қанша жыл айналысқаны белгісіз. Белгілісі, түнгі көбелектердің ішінде кәмелет жасына толмағандары да жетерлік. Қазіргі таңда полиция 14 қыздың азат етілгенін айтады. Ал оларды теріс жолға түсірді деген күдікпен 11 адам ұсталыпты. Адам саудасымен айналысқандардың үстінен 18 қылмыстық іс қозғалған.

Бейсенбі, 15 Қыркүйек 2022, 19:45

Соңғы шығарылымдар