Келісімге қарсы: армениялықтар Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етуде

Арменияда халық премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Олар үкімет басшысының Әзербайжанмен оқ атпау туралы келісім жасасқанына наразы.

Армения мен Әзербайжан шекарада тұтанған қарулы қақтығысты тоқтатты. Жағдай ушыққанда Пашинян Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымына көмек сұрап жүгінген еді. Алайда бүгін бітімгерлер екі ел шекарасына жіберілмейтіні белгілі болды. Бұны ұйымның басшысы Анатолий Сидоров мәлімдеді. Ол бірнеше лауазымды тұлғамен Ереванға жағдайды бақылау үшін бармақ.

Бейсенбі, 15 Қыркүйек 2022, 19:46

Соңғы шығарылымдар