Нұрсұлтан Әбішұлы ренжімейтін шығар. Бүгін Ономастикалық комиссия мүшелері елордаға Астана атауын беруді бірауыздан мақұлдап, осылай деді. Тіпті, «Астана» әлемге танымал болған атау деп, кезінде шешім асығыс қабылданғанын да айтты. Елорда қай уақыттан бастап ресми түрде қайтадан Астана болады? Кезінде Нұр-Сұлтан болсын деген депутаттар бүгін не дейді? Айя Мүтәлі тарихқа үңіліп көрді.
Жаңа Қазақстан дейміз бе?! Бұрын шенеуніктер қызметтерінен босатыла сала Жоғары палатаға барып жайғасатын. Соңғы жылдары мұндай үрдіс қалып барады. Қандай да бір себептермен лауазымдарын босатқан экс-шенділердің дені көзден таса жүр. Әріптесіміз Айғаным Достанбай жоғалған шенеуніктерге іздеу салды.
Самарқанға Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары жиналды. Келушілерді Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің өзі бастаған топ әуежайдан ән-күймен қарсы алды.
Жиында мемлекет басшылары өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық байланысты нығайту, сондай-ақ, көлік-логистикалық әріптестікті дамытуды талқылайды. Екіжақты кездесулер де өткізіледі деп жоспарлануда.
Четверг, 15 сентября 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.