Украинаның Изюм қаласында сарбаздар жаппай жерленген қабірлер табылды

Украинаның Ресей күштерінен азат етілген Изюм қаласының маңында сарбаздар жаппай жерленген қабірлер табылды. Онда шамамен 450 адам жерленген. Арасында бейбіт тұрғындар да бар. Тексеру барысында құрбандардың оқ тиіп, жарылыс кезінде мерт болғаны анықталған. Қазір бұл оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Ресей күштері бір күнде екі рет Кривой Рог қаласын атқылап, гидротехникалық құрылымдарды, өзендегі бөгетті зақымдаған.

Жұма, 16 Қыркүйек 2022, 19:41

Соңғы шығарылымдар