Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы су жаңа үйге қатысты дау шықты. Тұрғындар «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бой көтерген баспанада өркениет нышаны мүлде жоқ дейді. Аудан атқамінерлері салғызған 3 қабатты үйге су, жарық, газ жүргізілмеген. Салдарынан тұрмысы төмен 18 отбасы тиісті баспанасына кіре алмай жүр. Тұрғындар жергілікті шенділер мұндай жауапты жұмысты қалайша атүсті атқарған деп ашулы.
Пятница, 16 сентября 2022, 19:42
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.