«Қазақстан халқына» қоры енді қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге Бас прокуратура рұқсат берсе ғана көмектесетін болды. Қоғамдық қор жетекшісі Болат Жәмішев бүгін журналистермен өткен брифингте осылай деді. Қанды қаңтарда нақақтан-нақақ қазаға ұшыраған азаматтардың жақындарынан өтініш келсе де, Бас прокуратураның пәрменінсіз көмек болмайды. Қор осыған дейін қаңтар оқиғасында зардап шеккен 154 отбасыға көмектескен. Соның 24-і әскери қызметке түк қатысы жоқ, қарапайым азаматтар.
Пятница, 16 сентября 2022, 19:40
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.