АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 16.09.2022

Бүгін Парламент ел астанасының атауын өзгертіп, президентті жеті жылға бір мерзімге сайлауды жедел түрде қолдап жіберді. Депутаттар мақтап-мақтап мақұлдап жіберген заң жобасына енді Президент қол қоюы тиіс. Сонымен Конституцияға енгізілетін толықтыруда тағы қандай өзгерістер бар? Айғаным Достанбай тарқатады.

Бүгін Самарқандта Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 27-ші Саммиті басталды. Жиынға 15 елдің мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Саммитте Ұйымға мүше мемлекеттердің президенттері ұсыныстарын айтып, пікірлерін білдірді. Тараптардың мақсат-мүддесі қандай? Тілшіміз Жансұлу Жиенқұл тарқатады.

Қырғыз-тәжік шекарасында бүгін атыс қайта жалғасты. Қос тарап оқ атты деп бір-бірін айыптап отыр. Екі жақтан да қайтыс болғандар мен жараланғандар бар. Шекара маңынан халық көшіріліп жатыр. Қырғыз-тәжік шекарасындағы ахуал туралы Жансая Қапасқызының материалында.

Жұма, 16 Қыркүйек 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар