Елорда әуежайы «Назарбаев» атауын өзгертпейді

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» атауын өзгертпейді. Бірінші Президенттің аты да, NQZ белгісі де сақталатын болды. Бұл жөнінде бүгін әуежай басшылығы журналистермен өткен кездесуде айтты. Сондай-ақ жиын барысында нысанның іші мен сыртындағы ахуал, ұшу жолақтарының жай-күйі де сөз болды. Халықаралық әуежайдағы ұшу жолақтары 18 жыл бойы күрделі жөндеу көрмеген, әбден тозығы жеткен. Оны жаңарту үшін 26 млрд теңге қаржы қажет көрінеді. Қомақты соманың бір бөлігін мекеме мемлекеттен сұрамақшы. Бұған қоса, шара барысында құстардан ұшаққа келетін кедергі туралы да айтылды. Қанаттылар мен әуе кемелері бір жылда жүз рет қақтығысып, жолаушыларға қауіп төнген.

Дүйсенбі, 19 Қыркүйек 2022, 19:35

Соңғы шығарылымдар