Украина билігі Ресей әскерін тағы бір атом станциясын атқылады деп айыптады

Украина билігі Ресейді Оңтүстік Украина атом электр станциясын атқылады деп айыптады. Өткен түнде АЭС-тен небәрі 300 шақырым жерде жойқын жарылыс болып, ғимараттың терезелері қираған. Станцияның 3 реакторы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. АЭС-ті басқаратын «Энергоатом» компаниясы Ресей жасақтары нысанды әдейі атқылады деп айыптады.  Украина күштері болса қарымта шабуылдарды жалғастырып жатыр.

Дүйсенбі, 19 Қыркүйек 2022, 19:33

Соңғы шығарылымдар