АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 19.09.2022

Қазақстанда науқасты емдеу кезінде қателік жасаған дәрігердің жазасы жеңілдеуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина қызметкері кесірінен науқас қайтыс болса, кінәлі адамды абақтыға жаппай, оның бас бостандығын ғана шектеу қажет дейді. Ал салғырттық танытқан дәрігерді кешіруге бола ма? Оның абайсызда денсаулыққа зиян келтіргенін дәлелдеу мүмкін бе? Кезінде дәрігер болған министрдің де қателескені рас па? Айя Мүтәлі тарқатады.

Бүгін Қырғызстанда аза тұту күні. Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан 100 шақты адам мерт болды. Оның 59-ы қырғыз азаматы. Құрбандар арасында сарбаздардан бөлек бейбіт тұрғындар, балалар бар. Шекарадағы ахуал қазір қандай? Жансая Қапасқызының материалында.

«Елорданың ортасында мынадай былық болса, шет жақтарда не болып жатыр?» Осылай деп ашынған астаналықтар бірнеше жылдан бері жол мен мектеп мәселесінің шешілмегенін айтады. Халық тұрғын үй айналасындағы бей-берекетсіздікке көз жұмып қарай алмаймыз дейді. Тілшіміз Жансұлу Жиенқұл тұрғындардың арызын тыңдап қайтты.

Дүйсенбі, 19 Қыркүйек 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар