Қайрат Сатыбалды өз кінәсін мойындады. Назарбаевтың немере інісі сот отырысында мемлекетке келтірген шығынды қайтаратынын айтып, оның адвокаттары соттан рақымшылық сұрады. Қайрат Сатыбалдының ісі Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы № 2 сотында қаралып жатыр. Айыпталушының өзі сот ғимаратына келген жоқ, отырысқа онлайн қосылды. Сотталушылар қарсы болған соң, судья журналистерге видео және аудиожазба жүргізуге тыйым салды.
Вторник, 20 сентября 2022, 19:58
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.