Ресей Украинаның Донецк облысын толықтай басып алуға күш жинап жатыр. Украина қарулы күштерінің Бас штабы осылай деп мәлімдеді. Өткен тәулікте қақтығыстардан 33 елді мекен зардап шеккен. Украина күштері қарымта шабуылды күшейтіп, Лисичанск маңындағы Белогоровка елді мекенін қайтарды. Ал Ресей жасақтарынан азат етілген Изюм қаласында 146 мәйіт қазылып, зерттеуге жіберілді. Олардың көбі бейбіт тұрғындар, арасында балалар бар. Мәйіттерде азаптап өлтіру белгілері анықталған. Тұрғындар қалада өмір сүру мүмкін еместігін айтады.
Вторник, 20 сентября 2022, 20:00
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.