Ирандық әйелдер полиция мен ел билігіне қарсы шеруге шығуда

Иранда хиджабты дұрыс кимегені үшін қамауға алынған әйелдің өлімінен кейін халық үшінші күн шерулетіп жатыр. Олар полиция озбырлығына және ел билігіне наразы. Демонстранттар «диктаторға өлім» деп ұрандатуда. 22 жастағы Махса Аминиді 13 қыркүйек күні полиция ұстап, ұрып-соққан деген болжам бар. Бірнеше сағаттан кейін ол ауруханада есін жимастан көз жұмған. Осыдан кейін әйелдер хиджабтарын лақтырып, шашын қиып, бүкіл ел аумағында наразылықтар өршіді. Шерушілер полициямен қақтығысып, бірнеше адам қайтыс болған.

Сейсенбі, 20 Қыркүйек 2022, 19:59

Соңғы шығарылымдар